Олар кемінде 13 млн теңге тұратын 23 бас мал ұрлаған
Алматы облысында мал ұрлауды «кәсібіне» айналдырған күдікті төрт адамнан тұратын топ ұсталды. Ұсталғандар – 30-35 жас аралығында, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, қазіргі уақытта екі жәбірленуші анықталды. Бірінші жағдайда қаскүнемдер жайылымнан 18 бас жылқыны ұрлап әкеткен, шығын 9 миллион теңгені құраған. Екінші жағдайда шаруа қожалығының аумағынан 4 миллион теңгеге бағаланған 5 бас мал ұрланды.
«Екі дерек бойынша да қылмыстық істер тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Ұсталғандардың барлығы соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізілуде», – деп хабарлады полицияда.
Полиция өңір тұрғындарын өз мүлкін қорғау үшін шаралар қабылдауға шақырады. Мал иелеріне осындай оқиғалардың қаупін азайту үшін күшейтілген күзет ұйымдастыруға, бейнебақылау орнатуға немесе шопандардың қызметтерін пайдалануға кеңес беріледі.