Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5,2 миллионнан асты

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы бір тәулікте коронавирус 101 мың адамнан анықталған

Фото: ашық дереккөзден

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5,2 миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

Бір тәулікте КВИ 101 мың адамнан анықталды. Ал әлем бойынша COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 337 мыңнан асты.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таратқан мәліметтерге сәйкес, соңғы бір тәулікте коронавирус жұқтырған 101 502 адам тіркеліп, 4286 адам қайтыс болған. Осылайша, әлем бойынша КВИ жұқтырғандар саны 5,2 миллионнан, қайтыс болғандар саны 337 мыңнан асты», - деп жазылған ақпаратта.

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Солтүстік және Оңтүстік Америка (2 338 124) көш бастап тұр.

Айта кету керек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8322 адамға жетті. Олардың 4352-сі жазылып шықты. 35 адам қайтыс болды.