Әкімдік шешімімен Шымбұлақ 17 наурызда жабылған еді
25 мамырда Алматыда «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты ашылуы мүмкін. Бұл туралы туристік нысанның Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Достар, жақсы жаңалық! Біз жазғы маусымның ашылуына дайындалып жатырмыз. Алдын ала дерек бойынша 25 мамырда ашыламыз. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет бәріміз дүйсенбіні асыға күтіп жүрміз», – делінген парақшада.
Айта кету керек, коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты Алматы әкімдігі Медеу, Шымбұлақ, Көктөбе нысандарын 17 наурызда жапқан еді.