$ 530.12  546.08  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аязды күндер келе жатыр: демалыста ауа райы 35 градусқа дейін суытады

Ал Түркістан облысында түнде қатты жауын-шашын болуы мүмкін

Аязды күндер келе жатыр: демалыста ауа райы 35 градусқа дейін суытады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Атлант мұхитынан келген ылғалға толы циклон Қазақстан аумағындағы ауа райына ықпал етеді. Циклонның фронтальды бөліктерінде қар, бұрқасын күтіледі, еліміздің батысы мен оңтүстігінде, ал 20-21 қаңтарда солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанады. Еліміз бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ күтіледі.

18 қаңтарда Түркістан облысында түнде қатты жауын-шашын күтіледі.

«Қатты қар 20 қаңтарда Ұлытау, 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 21-22 қаңтарда Ақмола облысында, 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарында жауады. 22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарындада күтіледі», - делінген синоптиктер болжамында.

22 қаңтардан бастап суық ауа массасы таралып, түнде температура айтарлықтай төмендейді:

  • батыста температура 10-20 градус аяз;
  • солтүстік-батыс пен солтүстікте 20-30 градус аяз;
  • орталық пен шығыста 25-35 градус аяз;
  • оңтүстікте 12-25 градус аяз;
Серіктес жаңалықтары