Тауардың жалпы құны 50 млн теңгеден асады
ҰҚК Шекара қызметі 15 қаңтарда экономикалық тергеп-тексеру, полиция және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп темекінің ірі партиясын елге заңсыз әкелудің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ілеспе құжаттарсыз 170 мың қорап көлемінде темекі өнімдерін электртехникалық бұйымдары есебінен мемлекеттік шекарадан алып өтпек болған.
«Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны 50 млн теңгеден асады.
Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілді», - делінген ҰҚК хабарламасында.