Осыған дейін Газа секторында 15 айға созылған соғыс тоқтайтыны туралы хабарланған
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесі ХАМАС-ты атысты тоқтату туралы бірқатар келісімнен бас тартты деп айыптады. Бұл туралы Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Моссад директоры Дэвид Барнеа бастаған израильдік делегация әлі де Дохада және делдалдармен келісімнің егжей-тегжейлері туралы келіссөздерді жалғастыруда, деп хабарлайды Иерусалимдегі ақпарат көздері. Бұл делегация мүшелерінің рұқсатынсыз әскери кабинет пен министрлер кабинеті соғысты тоқтату туралы дауыс беруге кіріспейді.
ХАМАС-ты қандай келісімдерді қабылдамай отырғанын Израиль әзірге хабарлаған жоқ.
Мәміле сәрсенбі күні кешке жарияланды. Келіссөздердің негізгі делдалдары Катар мен АҚШ мұны орындалды деп жариялады.
Алайда Израиль тарапы Вашингтонның қысымына қарамастан, бірде-бір мәлімдеме жасаған жоқ.
Айта кетейік, осыған дейін Газа секторында 15 айға созылған соғыс тоқтайтыны туралы хабарланған болатын.