Сақ болыңыздар: Қазақстанның бірқатар аймағында тұман түсіп, көктайғақ болады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер дауылды ескерту жариялады

Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар аймағында бұрқасын, тұман, жауын-шашын және көктайғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл облысында жаңбыр, қар, көктайғақ, тұман, жел күшейеді.

Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Абай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Орал, Тараз, Атырау, Ақтау, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.