Елордада кезекте тұрғандарға 8 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов жазды

Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

Нұр-Сұлтан қаласында кезекте тұрғандарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 8 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуда бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қалада 1931 жылы салынған тұрғын үйлер бар. Тұрғындар үйлерін көмірмен жылытады, пәтерлері суық. Орталықтандырылған су жүйесі де жоқ. Биыл 800-ден астам отбасы ескі, апатты үйлерден жаңа үйлерге көшіріледі», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Қала әкімі осыдан біраз жыл бұрын салынған үйлер бойынша да сұрақтар бар екенін атап өтті. 

«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Кезекте тұрғандарға Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 8 мыңнан астам әлеуметтік пәтер саламыз», - деп жазды ол.