Қала тұрғындары маска тағуға міндеттелді
Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Тілеубаевтың шешімімен қалада карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Қала тұрғындары тұрғылықты жерінен маска тағып шығуға міндеттелді. Сонымен қатар аулада, саябақтар мен жағажайларда үш адамнан артық топтасуға тыйым салынады. Әлеуметтік қашықтық сақтау да - міндетті», - деп жазылған хабарламада.
Қала тұрғындары қоғамдық орындар мен қоғамдық көлікте маска, қолғап кию және антисептик пайдалану талаптарын орындауға міндетті. Сонымен қатар отбасылық мерекелер ұйымдастыруға тыйым салынады.