Жыл басынан бері 6 жасөспірім ұсталып үлгерді
Қазақстанда былтыр есірткі таратқан 61 жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІМ мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлерімен Астана қаласында елордалық жоғары оқу орнының 16 жастағы екі студенті ұсталды. Олардың біреуінен аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді.
Бұған қоса, Қарағанды облысында екі жасөспірім ұсталды. Олар – 9-10 сынып оқушылары. Жасөспірімдер есірткі тарататын Telegram-арнаға сілтемесі бар жапсырмаларды жапсырумен айналысқан.
Аталған фактілер үшін қылмыстық жаза көзделеді. 2024 жылы полициямен есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 61 кәмелетке толмаған, ал жыл басынан бері алты жасөспірім ұсталды.