«Бастысы мамам мәз»: Жаһан Отарғалиев үшінші рет үйленгені туралы айтты

Автор: Асыл Арман

Жаһан Отарғалиев Балжан Бидашпен ажырасқан соң араға 1,5 жылға жуық уақыт салып, үшінші мәрте шаңырақ көтерді

Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev/Видеодан скрин

Актер Жаһан Отарғалиев үшінші рет некесін қиып, шаңырақ көтергеннен кейін алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актер кеше Астана қаласындағы Бас мешітте некесін қидырғаны туралы видео жариялаған болатын.

«Қалайсыздар? Бастысы мамам мәз. Негізі ұзақ интрига ұстағым келген жоқ. Жаңалықты қалай жеткізерімді білмедім. Енді дәл мынандай поддержка күткен жоқпын», - деп жазды актер Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Жаһан Отарғалиев әнші Балжан Бидашпен ажырасқан соң араға бір жарым жылға жуық уақыт салып, үшінші мәрте шаңырақ көтерді. Актердің бұл жолғы қалыңдығы кім екені әзірге белгісіз. Видеода қалыңдығының бет-әлпеті бүркемеленген.

Экс-күйеуінің үйленуіне қатысты әнші Балжан Бидаш Балиде демалып жүрген жерінен ойын айтты.