Олар ұрланған тауарларды жергілікті базарларда сатып келген
Қытаймен шекарада қойма қызметкерлері контейнерлерді тонап келгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәліметінше, Алматы-1 станциясында 2023 жылдан 2024 жылға дейін Қытайдан келген тауарларды ұрлаумен айналысқан уақытша сақтау қоймасы (УСҚ) қызметкерлерінің тобына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
«Күдіктілер ұрланған тауарларды жергілікті базарларда сату үшін контейнерлер ішіндегі тауарларға қол жеткізген ақпаратты пайдаланған.
Келтірілген шығын 200 млн теңгеден асып, отандық және шетелдік компанияларға зардап келтірілді», - делінген прокуратура хабарламасында.