$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық шетелден есірткіге тапсырыс беремін деп 16 жылға сотталып кетті

Шетелден жеткізілген есірткінің салмағы – 800 грамм

Қазақстандық шетелден есірткіге тапсырыс беремін деп 16 жылға сотталып кетті
Фото: Видеодан скрин

Алматы облысында аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Сот үкімімен кінәлі тұлғаға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, Алматы облысы Іле ауданының «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне жалпы салмағы 800 граммға жуық каннабис сығындысы (гашиш майы) есірткі заты бар пошта жөнелтілімі түскен.

Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің «Telegram» мессенджерін пайдаланып, Таиландтан есірткіге тапсырыс бергені белгілі болды.

Пошта жөнелтілімін ашу кезінде косметикалық заттар түрінде жасырылған 8 банканың ішінде есірткі заттары анықталды.

«Сот үкімімен кінәлі тұлғаға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тәркіленген есірткі жойылды.

Жалпы, биылдан бастап ҚМА контрабанда және есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактілеріне қатысты 135 қылмыстық іс тіркеді.

Сонымен қатар, 77,1 кг есірткі құралдар, 3,2 кг психотроптық заттар, 206 мың анаболиктер (улы зат) және 1 700 «Тропикамид» көз тамшылары тәркіленді», - делінген ҚМА хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары