Тәжікстан азаматтары қырғыз аумағында мал жаймақ болған
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да оқ атылып, қарулы қақтығыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
«Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының учаскесінде Тәжікстан азаматтары қырғыз аумағында мал жаймақ болған. Қырғыз шекарашылары оларды тоқтатпақ болған соң, тәжіктер қырғыз шекарашыларына оқ ата бастаған. Кейінірек бұл атыс қырғыз-тәжік шекарашыларының қарулы қақтығысына ұласты», - деп жазады басылым.
Қазір қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақталды. Тараптар оқиға бойынша талқылау жүргізеді.
Айта кету керек, бұл мамыр айында болған екінші қарулы қақтығыс. Бұған дейін қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасында 8 мамырда атыс болған еді. Ал 10 мамырда екі мемлекет бір-біріне наразылық нотасын жіберді.