Елімізде қызметтегі шенеуніктермен бірге жалпы саны 549 үміткер Президенттік жастар кадрлық резервінің төртінші кезеңіне өтті
Ал, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің бұл сынақта жолы болмады. Қажетті балды Спорт комитетінің басшысы жинай алмай қалған деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Үміткерлер ішінде шетелде жүрген Қазақстанның 46 азаматы бар. Көбі АҚШ, Ресей, Ұлыбритания мен Түркиядан. Ауылдағы жастарға да басымдық берілген. Қатысушылардың мемлекеттік қызметте жұмыс істеуі міндетті емес. Бірақ резервтің төртінші кезеңіне өткендердің қатарынан қазіргі лауазым иелерін кездестіруге болады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова шенеуніктердің резервке өтуі олардың конституциялық құқығы дейді.
Анар Жайылғанова, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы:
- Ата заңымызда көрсетілген, әрбір адамның мемлекеттік қызметке келу тәртібі – бірдей. Яғни, біз ешкімнің құқығын шектей алмаймыз. Ол қатысқысы келді, қатысты. Егер де ол барлық кезеңнен өтіп, өзінің біліктілігін дәлелдей алса, онда құп. Яғни ол адам орнында бекер отырған жоқ.