25.10.2019, 03:16
Жаңалықтар
Елбасы Испанияның бұрынғы королімен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Испанияның бұрынғы Королі Хуан Карлос I-мен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды 24 kz сайты.
Теннис матчының алдында Рафаэль Надаль Нұрсұлтан Назарбаевқа Испанияның бұрынғы Королі Хуан Карлос I-дің жылы лебізін жеткізді. Елбасы теннисшіге алғыс айтып, өзінің досына сәлем айта баруын өтінді.
«Осы кезде Рафаэль Надаль Испанияның бұрынғы Короліне телефон шалып, тұтқаны Қазақстанның Тұңғыш Президентіне берді. Осылайша қайырымдылық теннис матчының алдында Елбасы мен Хуан Карлос I екеуі телефон арқылы қысқа ғана әңгімелесті», деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды