Әншінің экс-күйеуі осымен үшінші мәрте үйленіп отыр
Әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жаһан Отарғалиевтің үшінші мәрте үйленуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші өз сөзінде әр адам бақытты болуға лайық екенін айрықша атап өтті.
«Иә. Елде жақсы жаңалық болып жатыр екен. Әр адам қалағанынша бақытты болуға лайықты. Қалағанынша өмір сүруге құқылы. Дұрыс/бұрыс деген нәрсе жоқ. Тек дұрыс адам болып қалу маңызды.
Маған бақыт тілеп жатқандар қаншама. Рахмет, достар! Ата-анам мен халықтың қолдауының арқасында сол кезеңнен тез өтіп кеттім.
Әрбір істің өз уақыты, өз орны болады. Басымнан өткен бұл тәжірибеге алғысым зор. Ол тәжірибе маған қалай келген болса, дәл сол қалпында қабылдаймын. Шын мәнінде Жаратушының жоспары біздікіне қарағанда әлдеқайда жақсы болып шықты.
Әзірге айтарым осы. Бірақ жалпы өзім іштей бір маңызды сұхбатқа дайындалып жүрмін. Кімге берерім белгісіз», - деп жазды Балжан Бидаш Instagram парақшасында.
Айта кетейік, бүгін әншінің экс-күйеуі ажырасып кеткен соң 1,5 жылға жуық уақыт салып, қайта үйленгені хабарланған болатын.