Қар, тұман, боран болады деген болжам бар
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде боран, тұман, жауын-шашын мен көктайғақ болады деген болжам жасап, дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау қаласы мен Атырау облысында көктайғақ болады деп күтіліп отыр.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, тұман, боран және жел болады деген болжам бар.
Өскемен, Тараз, Жезқазған қалаларында және Ұлытау облысында тұман түседі.
Орал, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ, тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында екпіні 15-20 м/с боран мен жел болады деп болжанып отыр.