«Қол жетпейтін, алыс сияқты көрінетін»: аяғы ауыр Ерке Есмахан қуанышты хабарын жариялады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Жұлдызды отбасы қазір Еуропада жүр

Фото: instagram/erke_esmahan

Швейцарияда отбасымен демалып жүрген Ерке Есмахан қуанышты хабарын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұлдызды отбасы Raim (авт. – Райымбек Бақтыгереев) мен Ерке Есмахан жаңа жылдан кейін ұзақ мерзімге шетелге кеткенін айтқан.

«Швейцария мемлекеті «Тақиялы періште» фильміде Тайлақтың «Қайдағы Швейцария, бұл Қазақстан» дейтін жерінен есімде сақталған. Ол кезде қол жетпейтін, алыыыс жер сияқты көрінетін.

Ал бүгін сол Швейцарияның төрінде, Альпі тауларының жанында отбасыммен демалып жүрмін. Аллаға сансыз шүкір!» - деп жазды Ерке Есмахан.