Оқушыны жүрек тұсынан жұдырықпен ұрған
Жамбыл облысында 8-сынып оқушысының өліміне қатысты сот үкімі шықты. Мектеп оқушысының өліміне кінәлі кәмелетке толмаған үш адам сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық соттың баспасөз қызметі сотталушыларға бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚК-нің 293-б. 2-б. 1-т., 106-б. 3-б.; 28-б. 4-б. – 106-б. 3-б., 293-б. 2-б.) бойынша қаралғанын мәлімдеді.
«Кәмелетке толмаған сотталушылар адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектептің әжетханасында 8-сынып оқушыларын жинап, бағыну мен нұсқауларын орындауды талап етіп, олардың кеуде тұсынан жұдырықпен ұрған.
Кеудесінің сол жақ бөлігінен алған соққылардың салдарынан кәмелетке толмаған оқушы оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады облыстық сот.
Сот оларды кінәлі деп танып, екі сотталушыны 6 жыл 8 айға, үшінші айыпталушыны 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті