14.01.2025, 22:51
Жаңалықтар
Павлодарлық аспаз танымал телешоуда жеңімпаз атанды (ВИДЕО)
Ол жеңісін әжесіне арнайтынын айтты
Фото: Видеодан скрин
Павлодарлық аспаз Вероника Мамедова «Битва шефов» танымал телешоуда жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Вероника өзінің аспаздық талантының, тағамдарының өзіндік ерекшелігінің және өзіне деген сенімділігінің арқасында жеңіске жетті.
«Егер өзіңіз ұнайтын сүйікті ісіңізді бастап, соған көңіл қойсаңыз, қолыңыздан келетініне күмәнім жоқ. Менің жеңісім – соның дәлелі. Өзім ұнатқан істі қолға алып едім, нәтижесі де көрініп жатыр. Бастысы, орта жолда кездесетін қиындықтардың салдарынан тастап кетпеу керек. Тек алға ұмтылу керек», - дейді 29 жастағы Вероника Мамедова.
Аспаз «Битва шефов» байқауындағы жеңісін өзінің әжесіне арнайтынын ерекше айтып өтті.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды