14.01.2025, 20:08
Жаңалықтар
Қысқы Универсиадада: қазақстандық спортшы фристайл-могулдан чемпион атанды
Тағы бір спортшымыз 5-орыннан көрінді
Фото: Olympic.kz
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада фристайл-могулдан қазақстандық Анастасия Городко чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Финалға бірінші орынмен шыққан А.Городко ең жоғары ұпаймен (79,79) алтын медальға ие болды.
Жапониялық Харука Накао 76,29 балмен екіншіорынға ие болды.
Германиялық Ханна Вессе (75,04 балл) үздік үштікті түйіндеді.
Қысқы Универсиаданың ашылу салтанатында ту ұстап шыққан Аяулым Әміренова бұл бәсекеде 70,52 балмен бесінші орынға табан тіреді.
Айта кетейік, қысқы Универсиадада бүгін қазақстандық жастар үш спорт түрінен сынға түседі.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды