Доллардың дәл қазіргі сәттегі құны жарияланды
Қазақстандық қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 530,24 теңгені құрап, 1,53 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Ұлттық Банкі долларының ресми бағамы 14 қаңтарға 528,52 теңгені құрайды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі сәтте Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 529,6 теңгеге, сату 532,25 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 530,37 теңгеден сатып алынады, 533,07 теңгеден сатылады.
Естеріңізге сала кетейік, 5 қаңтардағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,01 теңгеге, 6 қаңтарда 1 теңгеге, 8 қаңтарда 0,24 теңгеге, 9 қаңтарда 2,39 теңгеге, 10 қаңтарда 1,91 теңгеге, 13 қаңтарда 1,64 теңгеге өсті.