14.01.2025, 14:11
Жаңалықтар
Айсәуле Бақытбектің енесі Алматыда жоғары лауазымға тағайындалды
Диляра Қайдарова тоғыз жыл бойы онкология институт басқарған
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Диляра Қайдарова Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы университеттің директорлар кеңесіндегі жиналыс кезінде ректор Марат Шоранов мәлім етті.
Айта кетейік, Диляра Қайдарова 1967 жылы 24 шілдеде Алматы қаласында туған. Ғалым, гинеколог-онколог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы.
2019 жылы Диляра Қайдарованың Әлішер есімді ұлы мен белгілі продюсер Баян Мақсаттың қызы Айсәуле отау құрған болатын.
Айсәуле Бақытбек енесі Диляра Қайдарованы әлеуметтік желісінде жиі көрсетіп, оның кеңестерін жариялап тұрады.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды