Ұлытау облысында 17 адамнан жыныстық жолмен берілетін сифилис инфекциясы анықталды

Автор: Асыл Арман

Облыста 2024 жылдың 12 айында жыныстық жолмен берілетін аурулардың 56 жағдайы тіркелді

Фото: istockphoto.com

Ұлытау облысында 2024 жылы жыныстық жолмен берілетін аурулардың 56 жағдайы тіркелген. Облыс тұрғындары арасында сифилис пен трихомониаз жиі анықталды. Бұл туралы аймақтық денсаулық сақтау басқармасының Azattyq Rýhy агенттігінің сауалына берген жауабында айтылды.

Ведомство мәліметінше, Ұлытау өңірінде жиі кездесетін жыныстық жолмен берілетін аурулардың арасында сифилис, гонорея, трихомониаз және хламидиоз бар.

Мәселен, облыста 2024 жылдың 12 айында жыныстық жолмен берілетін аурулардың 56 жағдайы тіркелді, оның ішінде:

  • сифилис – 17 жағдай,
  • гонорея – 9 жағдай,
  • трихомониаз – 24 жағдай,
  • хламидиоз – 6 жағдай.

Сонымен қатар, 2023 жылы аймақта ЖЖБИ (жыныстық жолмен берілетін инфекциялар) жағдайлары аз болды. Мәселен, былтыр жыныстық жолмен берілетін аурулардың 42 жағдайы тіркелген. Олардың ішінде:

  • сифилис – 16 жағдай,
  • гонорея – 10 жағдай,
  • трихомониаз – 10 жағдай,
  • хламидиоз – 6 жағдай.