Азия ойындарына 138 спортшы аттанады
Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарында Қазақстанның туын кімдер алып шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан құрамасы Қытайдағы IX қысқы Азия ойындарының 10 жарыс тәртібі бойынша барлық алты спорт түріне қатысады.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, команданың құрамы бекітілді. Азия ойындарына 138 спортшы аттанады. Олар 31 медаль жиынтығы үшін сынға түседі.
Биатлоншыларға, шаңғышыларға, конькимен жүгірушілерге, сондай-ақ қазіргі Азия чемпиондары болып саналатын хоккейшілерге үлкен үміт артылады, дейді министр.
Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатында хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-тректің өкілі Ольга Тихонова Қазақстан туын ұстайды.