Алматыда троллейбус 20 жастағы жігітті қағып кетті: ол оқиға орнында көз жұмды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Видеодан скрин

13 қаңтар күні сағат 17:50-де Алматының Бостандық ауданындағы Тимирязов пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тимирязов көшесімен батыс бағытта келе жатқан 11-бағыттағы троллейбус жаяу жүргінші, 20 жастағы жас жігітті қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, қазір қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сараптамалар тағайындалды.

Тергеу жалғасып жатыр, мәліметтер анықталуда.