47 жастағы әйел 23 жастағы ұлының қанын құймақ
Америкалық 47 жастағы әйел Марсела Иглесиас түрлі косметикалық процедураларға 99 000 доллардан астам ақша жұмсаған. Қазір ол қартаймас үшін 23 жастағы баласы Родригоның қанын өзіне құятын болды, ал оған одан да көп ақша жұмсамақ. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Лос-Анджелесте тұратын өзін «тірі Барби» деп санайтын әйел адам өз әрекетін былайша түсіндіріп берді:
«Қан құю – бұл сіздің денеңіздегі жас жасушаларды сақтаудың жаңа дәуірі, әсіресе ол сіздің ұлыңыздан немесе қызыңыздан болса», - дейді ол.
Марсела Иглесиас алғашқыда бұл идеясын ұлы Родригоға айтқанда, ол өзінің қанын анасымен және 75 жастағы әжесі Грасиэламен бөлісуге дайын екенін айтты.
«Жас донордың жасушалары өте пайдалы болуы мүмкін, әсіресе донор менің өз ұлым болса», - деді Марсела.