$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Роза Рымбаеваның келіні әкесіне естелік арнап, жұртты жылатты

Роза Рымбаеваның құдасы осыдан 10 жыл бұрын өмірден өткен

Роза Рымбаеваның келіні әкесіне естелік арнап, жұртты жылатты
Фото: instagram/akerkeburkitbay

Әнші Роза Рымбаеваның келіні, ұлы Әли Оқаповтың әйелі Ақерке Бүркітбай әкесіне естелік арнап, жұртты жылатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол әкесінің осыдан 10 жыл бұрын өмірден өткенін еске алды.

«Көке, мен сізді қатты сағындым... 12 қаңтар – небары 49 жасында дуниеден өткен әкем – Паһаманның туған күні! Арамызда болса, бүгін 59 жас туған күнін атап өткен болар едік. Әттең, Алланың ісіне шара жоқ!

10 жыл өте шықты. Жатқан жерің жәннәттың төрі болсын, әке!» - деп жазды Ақерке Бүркітбай.

Желі қолданушылары Роза Рымбаеваның келініне жұбату айтып, ойларын білдірді.

«Папаңыз керемет әнші болатын. Студент кезімізде талай концерттерге барып, әкеңіздің өнерін тамашалағанбыз. Жатқан жері жайлы болсын!», «Әкеңнен аумайды екенсің», «Ұрпақтарының қуаныштарын анаңыз көрсін, қалған ғұмырын ұрпақтарына берсін», - деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары