Видеода тойлардың біріндегі әзілкештің қылығы жарияланған
Танымал әзілкеш Қанат Әлжаппаров тойлардың бірінде әйелі Нұргүл Құдайбергеноваға деген махаббатын көрсетемін деп жұртты күлдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода әзілкеш алдында келе жатып, кенеттен артында әйелі келе жатқаны есіне түсіп, бірден қол ұстасып жүреді.
Желі қолданушылары Қанат Әлжаппаровтың бұл қылығына түрлі пікір білдіреді.
«Әйелі әдемі екен», «Қанат, Нұргүл жарасымды жұп. Бақытты болыңдар», «Келіншегі әдемі екен», - деп жазды желі қолданушылары.