Жас отбасының бір жылға жетпей ажырасып кеткені осыған дейін хабарланған
Танымал әнші Ринат Шамшырақтың өзінен алты жас үлкен бұрынғы әйелі Аружан Төре желіде жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жас отбасының бір жылға жетпей ажырасып кеткені осыған дейін хабарланған болатын.
«Мұндай махаббатты кинодан да көрмеген едім. Біз енді бір-бірімізді жақсы білетін бөтен адамдармыз. Біз осы кезде бақытты едік, басқаша еді бәрі де (фотода)», - деп жазды Ринат Шамшырақтың экс-әйелі.
Осыған дейін Аружан Төре күйеуі Ринат Шамшырақпен не себепті ажырасып кеткенін айтқан болатын.