«Маңғыстаумұнайгаз» жер қойнауына қалдық су төккені үшін 32 млрд теңге айыппұл төлейтін болды
Қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылғаны да анықталды

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға тиісті шектеулерді бұзғаны үшін 32 млрд теңге айыппұл салындыдеп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Маңғыстау облысында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қызметінде ағынды суларды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдықтарын жинақтаумен байланысты өрескел заң бұзушылықтар анықтады.
«Прокурорлармен қолданылған шаралардың нәтижесінде, соттың 04.12.2024 жылғы қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енді.
Сондай-ақ, мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталды.
Аталған факт бойынша 11.12.2024 жылы компания қосымша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,2 млрд теңге айыппұл салынды», - делінген прокуратура хабарламасында.