Маңғыстауға адасып келген арыстан Баку зоопаркіне көшіп кетті

Автор: Бақыт Шынар

Бес жасар арыстанның «Симба» деген аты бар

Фото: azertag.az/ru

Осыдан бес жыл бұрын Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында адасып жүрген арыстанның күшігі табылған еді. Сол «Симба» есімді жабайы аң енді Бакудің зоологиялық паркінде тұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әзербайжанның АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі хабарлағандай, бес жасар арыстан Алматының хайуанаттар бағынан келген.

Бір ай бойы карантинде болған ол енді Баку зоопаркіне әбден бой үйреткен.