Оларды ажыратуға өзге даяшылар мен тойға келген қонақтар да араласты
Желіде той үстінде төбелескен даяшы қыздардың видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қыздардың не себепті төбелескені белгісіз. Оларды ажыратуға өзге даяшылар мен тойға келген қонақтар да араласты.
Олардың бұл әрекеті жұртышылық тарапынан да сынға ұшырады.
«Қыздар! Бұларың ұят болды! Біреудің тойын да, бүкіл елдің көзінше, сендер еркек емессіңдер ғой, ішіп алып төбелесіп жатыр дейтін», «Пранк немесе әзіл болса да өте ерсі», «Жұмыстан қуу керек екен», «Пранк болса да екеуін жұмыстан қуу керек», «Бұл – пранк, мен ол тойда болдым», - дейді желі қолданушылары.