Біршама өңірде тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ал екі қалада екінші дәрежелі ескерту жарияланды

Фото: © istockphoto.com

Қазақстанның көп бөлігі антициклон ықпалында қалып отыр. 13 қаңтарда ел аумағында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, алайда кей аймақтарда тұман мен желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Республика аумағында 13 қаңтарда тұман күтілетін аймақтар:

  • Атырау облысы: оңтүстік, батыс, солтүстік және Атырау қаласы;
  • Маңғыстау облысы: түнде және таңертең батыс пен солтүстігінде, Ақтау қаласында;
  • Ақмола облысы: түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында, Көкшетау қаласында;
  • Қызылорда облысы: оңтүстігінде;
  • Абай облысы: солтүстік пен оңтүстігінде және Семей қаласында;
  • Шығыс Қазақстан облысы: батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтары мен Өскемен қаласында;
  • Батыс Қазақстан облысы: күндіз батысы мен солтүстігінде, түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде және Орал қаласында;
  • Түркістан облысы: оңтүстігі мен таулы аймақтарында;
  • Солтүстік Қазақстан облысы: батысы, оңтүстігі және шығысында;
  • Жетісу облысы: шығысы мен таулы аймақтарында;
  • Қостанай облысы: батысы, солтүстігі және шығысында, Қостанай қаласында.

Желдің күшеюі

  • Жамбыл облысы: солтүстік-шығысында және таулы аудандарында;
  • Жетісу облысы: Алакөл көлдері аймағында;

Жел жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Семей мен Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды.