Барлығы 711 мобильді топ құрылған
Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында жүргізілген рейдтер барысында 4,9 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде 711 мобильді топ құрылып, 2 450 рейдтік шара өткізілді. Рейдтердің басты мақсаты заңсыз шырша ағаштарын кесу, тасымалдау және сатуды болдырмау еді», — деп жазылған хабарламада.
Рейд барысында 1 011 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:
Жалпы, әкімшілік айыппұлдардың сомасы 4,9 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар 4 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.