Жол қозғалысы шамамен сағат 15:00-де қалпына келеді
2025 жылдың 12 қаңтары сағат 09:00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің алдын алу жұмыстарына байланысты республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігінде барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Шектеу Өскемен — Алтай — Большенарым — Катонқарағай — Рахман қайнарларыавтожолының 46-66 шақырым аралығында, яғни Солтүстік ауылы мен Серебрянск қаласының арасындағы учаскеде енгізілді», — делінген хабарламада.
«ҚазАвтоЖол» өкілдерінің мәліметінше, жол қозғалысы шамамен 2025 жылдың 12 қаңтары сағат 15:00-де қайта қалпына келеді.