Қостанайда бірнеше апта бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол желтоқсан айының соңында жоғалып кеткен

Фото: Видеодан скрин

Қостанай облысында өткен жылдың желтоқсан айының соңында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «ТоболИнфо» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тобыл ауылының тұрғыны Еркен Өлмісеков желтоқсанның 23-і күні жоғалып кеткен. Ол үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, одан кейін оны ешкім көрмеген.

Бейімбет Майлин ауданына қарасты Новоилиновка ауылында орналасқан темір-бетон зауытының аумағынан зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ ер адамның денесі табылды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары басталды.