Алматыға жақын маңда жер сілкінісі болды

Автор: Асыл Арман

Жер сілкінсі 11 қаңтар күні сағат 16:15-те тіркелді

Фото: istockphoto.com/bob_sato_1973

Алматы қаласынан 76 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жер сілкінсі 11 қаңтар күні сағат 16:15-те Астана уақытымен ҚР ТЖМ «Қазақ Ұлттық деректер орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай жерде жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 76 шақырым жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы (баллмен): байқалмайды», - делінген хабарламада.

Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 3,8 құрады. Ал энергетикалық класы – 8,8.