Ол Ресей азаматтығын былтыр қараша айында алған
Абай ауданының тұрғыны қос азаматтығы болғаны үшін Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көші-қон қызметінің мамандары 2024 жылдың қараша айында Ресей Федерациясының азаматтығын алған Бесқарағай ауданының 23 жастағы тұрғыны бұл шешімін хабарламағанын және Қазақстан азаматтығынан айырылғанын ресімдемегенін анықтады.
«Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасынан шығарылды. Одан Қазақстан азаматының төлқұжаты тәркіленіп, азаматтығынан ресми түрде айырылды», - деді Абай аудандық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Бауыржан Иманғажанов.