Оған ірі көлемде айыппұл салынды
Қызылорда соты әлеуметтік желіде жала жабу ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының хабарлауынша, азамат Д. TikTok әлеуметтік желісінде Т.-ның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіріп, жала жауып, жазба жариялаған.
Сотталушы өз кінәсін мойындап, жариялағанын растады.
«Азамат Д.-ның әрекеті психо-филологиялық сараптаманың қорытындысымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, полиция қызметкерлерінің хаттамаларымен, түсіндірме хаттарымен және іс материалдарымен дәлелденді», - делінген хабарламада.
Сотталушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 465 192 теңге айыппұл салынды.