Батыс Қазақстанда 5 жыл бойы ер адамдардың өлім көрсеткіші жақсармаған

Автор: Аягөз Құрмаш

Қайтыс болған әйелдердің орташа жасы 72,9 жас болса, ерлердікі 61,8 жас болып отыр

Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында өмір сүру ұзақтығы 74 жастан асады. Azattyq Rýhy редакциясы облыстың денсаулық сақтау басқармасына жолдаған сауалына берілген жауапта өлім-жітім саны айтылған.  

Батыс Қазақстанда облысында былтыр 10 айда сәби өлімі 6,57 пайыз болған. 2024 жылдың 10 айына сәби өлімінің көрсеткіші - 6,57 пайызға тең болған. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 15,6%-ға төмендеп отыр.

Сәбилер арасындағы өлім-жітімге перинатальдық патология, туа біткен дерт және тыныс жолдарының аурулары себеп болып отыр. Сонымен қатар, 10 айда 1000 әйелдің 5,6 пайызы көз жұмған. Біздің есептеуімізше, бұл 56 адам.

Қайтыс болған әйел адамдардың орташа жасы - 72,9 жас. Ал қайтыс болған ер адамдардың орташа жасы - 61,8 жас.

Соңғы 5 жылда облыста балалар мен әйелдер өлімі  3,8 % төмендесе, ерлер өлімі бір деңгейде тұр.

2019 жылы Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы - 72,81 жас, 2023 жылы - 74,08 жас болған екен.