Петропавлда көппәтерлі үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен өртеніп, 68 адам эвакуацияланды

Автор: Мақсат Әсел

Өрттің шығу себебі анықталуда

Фото: ҚР ТЖМ

Петропавлда Қазақстан Конституциясы көшесінде орналасқан дүкендердің бірінде өрт шығып, 68 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнында ТЖД 3 өрт сөндіру учаскесі мен жедел штаб ұйымдастырды. Эвакуацияланған адамдармен психологтар жұмыс істеді. Олардың 18-і бала. Өрттің шығу себебі анықтауда. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Тегтер: