Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Автор: Мақсат Әсел

36 энергия өндіруші компания шекті тарифтерді түзету туралы өтінім берген

Фото: istockphoto.com

Бұл ұйымдардан бөлек тағы үш компания энергия өндірушілер тізіміне кіру үшін жаңа тариф енгізуді ұсынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Энергетика министрлігі шекті тарифтерді көтеру бойынша бұйрық әзірледі.

«Алдағы уақытта бірыңғай сатып алушы үшін электр энергиясының құны 1 кВт/сағатына шамамен 2 теңгеге өсуі мүмкін. Оны 22 қаңтарға дейін талқылау үшін «Ашық НҚА» порталына жариялады», – делінген ақпаратта.

Электр бағасын көтерудегі негізгі мақсат – мамандардың жалақысын арттыру. Сондай-ақ энергетика саласындағы кадр тапшылығы мен жанармай бағасының өсуі де негізгі себептер қатарында.