Енді ертеректе берілген колледж дипломдары мен мектеп аттестаттарын порталда цифрландыруға болады
eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды цифрландыруға арналған қызмет қолжетімді болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» орталығына сілтеме жасап.
«Енді азаматтар тек қате деректерді түзетіп қана қоймай, құжаттың цифрлық нұсқасын жасауға өтініш бере алады. Қызмет бұрын алынған дипломның немесе аттестаттың сканерленген көшірмесі болған жағдайда ғана қолжетімді», – делінген хабарламада.
Қызметті пайдалану үшін:
Құжаттарды цифрландыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта 1980 жылдан 2023 жылға дейін берілген орта білім, техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттар цифрландырылады. Қызмет көрсету уақыты – 5 жұмыс күні.