$ 526.81  542.72  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жын шығарушы емшінің» ісіне қатысты Балаларды қорғау комитеті мәлімдеме жасады

Баламен психологтар жұмыс істеп жатыр

«Жын шығарушы емшінің» ісіне қатысты Балаларды қорғау комитеті мәлімдеме жасады
Фото: Видеодан скрин

9 жастағы қыздың ішінен «жын шығарып» жатқан сәтте түсірілген видео қоғамдық резонанс туғызды. ҚР Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті атышулы іске қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл оқиға ақылға сыйымсыз және алаңдаушылық туғызып отыр. Жағдай біздің толық бақылауымызда. Аталған жайттың баланың психикасына кері әсерін барынша азайту үшін кәсіби мамандар жұмыс істеп жатыр. Психологиялық қолдауды қоса алғанда барлық қажетті көмек көрсетіледі», – деді ведомство өкілдері.

Оқиға орнында бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жұмыс істеп жатыр.

«Балалардың денсаулығы мен жағдайына қауіп төндіретін кез келген әрекетке жол берілмейтінін еске салғымыз келеді. Министрлік Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған барлық заңдар мен нормалардың сақталуын талап етеді», – делінген комитет таратқан хабарламада.  

Естеріңізге сала кетсек, адам шошырлық бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Қолы байланған қызды еденге жатқызып, екі адам ұстап тұрғанын анық кқруге болады.  Екі адам қолдары байланған еденде жатқан қызды ұстайды. Олардың әңгімесінен оның денесіне «19 жастағы Ләззатесімді жын кіріп кеткенін» ұғуға болады.  Өзін «емші»  деп таныстырған Кейқуат Оспановтың қойған сұрағына бала емес, қыздың денесіне енген жын жауап беріп жатқандай көрінеді. Ер адам «жыннан» қыздың денесіне қалай кіргенін, қанша жаста екенін және оны кім немесе не «әкелгенін» сұрайды. Бейне Azattyq Ryhy Instagram парақшасында жарияланды және көпшіліктің наразылығын туғызды. Әлеуметтік желі қолданушылары мемлекеттік және құқық қорғау органдарынан шара қолдануды талап етті.

Бейнежазбаға қатысты мәселеге ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева жауап берді. Қоғамдық резонанстан кейін «емші» өзінің қызметі туралы және халық емін жасауды қалай қолға алғаны туралы айтты.

Кейқуат Оспанов Azattyq Ryhy редакциясына эксклюзивті сұхбат берді.  ІІМ бұл істі назарға алды. Емшінің жеке басына қатысты ақпарат пен баланың тұрғылықты жері анықталды, деп хабарлады Динара Закиева.

Ал Атырау облысының орталық мешіті Оспановтың имам болып жұмыс істегені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары