Ол өз жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды
Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол Instagram парақшасының Stories бөлімінде елордада театр қойылымына барғанын айтты.
«Кеше тамаша қойылымға бардым. Өзіме көптеген ой түйдім. Эмоцияның барлық түрі бойымнан өтті, бастысы шықты!
Бұл – жалған құндылықтары бар жасанды адамдардың, әрқайсысы өз ішіндегісін айтып, шындыққа ұмтылғанмен, ешкім ешкімді тыңдамайтын бір-біріне жат туыстардың драмасы.
Достар! Астанада мән-мағынасы бар қойылым іздеп жүрген көрермен қапы қалмаңыздар! Барып тамашалаңыздар!» - деп жазды әншінің әйелі.
Айта кетейік, осыған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова желіде бір шумақ өлең жариялап, астарлы жазба жариялаған болатын.