Ол БАӘ президентінің шақыртуымен бара жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі аптада Біріккен Араб Әмірліктеріне баратын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қаңтар күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның шақыруымен «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысады», - делінген Ақорда хабарламасында.