Алматыда ер адам туған баласын тұншықтырып өлтірді. Жантүршігерлік оқиға 24 қазан күні таңертең "InterContinental" қонақүйінде орын алды деп хабарлайды Zakon.kz.
Қонақүй фойесінде бір әйел жылап отырған. Ол көз жұмған баланың анасы әрі ер адамның әйелі болып шықты.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етілмеді.