Алматыдағы жаппай төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғады

Автор: Мақсат Әсел

Полиция бұзақылық жасағандарды қамауға алған болатын

Фото: istockphoto.com

Жаңа жыл түні Алматыдағы дәмханалардың бірінде жоғары оқу орындарының бірінде оқитын шетелдік студенттер арасында жанжал шығып, ол жаппай төбелеске ұласқан. Алты адам ұсталып, Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Олардың бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр»,– делінген Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.